jasqazaq.kz

Сүйіктісінің жарты миллион теңгесін ұрлаған семейлік ұсталды

13 шiлде 2018, 11:33


Семейде азаматтық некедегі әйелінен 500 мың теңге ұрлап алған 42 жастағы ер адам ұсталды.
NUR.KZ. хабарлағандай, 43 жастағы келіншек қаладағы Әуезов полиция бөліміне үйіндегі жатын бөлмеде сақтап жүрген қомақты қаражатының жоғалып кеткенін айтып арыз түсіріпті.
Полиция қызметкерлері жүргізілген шаралардың нәтижесінде іске қатысы бар деген күдікпен зардап шегушінің 42 жастағы сүйіктісін ұстаған. Ол өз кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де істі болған екен. Жапа шеккен келіншекке ұрланған ақша қайтарылып берліді. Ер адам ұрлаған ақшасын жұмсап үлгермепті. Қазір аталған мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Жедел іздестіру шараларына кіріскен полиция қызметкерлері ұрының үйге терезе арқылы кіргенін анықтады. Ал әрекетін үй иесі түнгі кезекшілікке кеткен уақытта іске асырған. Істі ашу үшін полицейлер әйелдің таныстары мен көршілерін тергеді. Себебі, жатын бөлмеде қомақты қаржының сақталғанынан хабары бар адамның ұрлағаны белгілі болды», — деді Семей қалалық Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді