jasqazaq.kz

Сүйгенін суға тұншықтырып өлтірді

09 сәуiр 2019, 12:05

Түркістан облысының тұрғыны сүйіктісін қызғаныштан о дүниеге аттандырды. Сайрам ауданының 22 жасар тұрғыны 20 жастағы ғашығымен бір жылға жуық уақыт бойы жүрген. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Материалдық қиындықтарға байланысты жас жігіт үйленуге мүмкіндігі болмаған. Сүйгеніне солтүстікке жұмысқа тұрып, табыс табуға ұсыныс айтқан.

Қыз жауабын ұзаққа созып жүріп алған. Тағы бір жолыққанда жігіт қыздың келісімін ала алмаған, оның біреуі бар деп күдіктенген.

Қызғанышқа бой алдырған ол қыздың тамағынан ұстап, тұншықтыра бастайды. Алысып жүріп екеуі де жақын маңдағы каналға құлап кеткен. Мұнда жас жігіт өзінің махаббат романына нүкте қойды: сүйіктісін суға батырып өлтірді.

Сол күні қыздың денесі канал арнасынан табылды. Бастапқыда қыздың өзі суға құлап кетіп, ағып кеткен болар деген болжам жасалған.

Бірақ мойнында тұншықтырған кездегі іздері қылмыстық іздестіруге, содан кейін күдіктіні ұстап берді. Жігіт бәрін мойындады.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты айыпталушыны кісі өлтіруге кінәлі деп тапты және оны ең жоғарғы қауіпсіздік колониясында 10 жылға бас бостандығынан айырды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда