jasqazaq.kz

Сүйген қызын өлтіріп, көміп тастаған

28 қантар 2019, 14:50

Алматыда бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған бойжеткен зорлық-зомбылықпен өлтірілгені анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

1999 жылы туған Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны В.Погребняктың із-түзсіз жоғалғаны жайлы ақпарат полицияға 25 қаңтарда түскен. «Тергеу шеңберінде тергеу-жедел тобы қыздың қайда екенін анықтауға бағытталған бірқатар шара өткізді. Сонымен қатар, В.Погребняктың жоғалғанға дейін қасында болған досы — 2000 жылы туған азамат Б.-дан жауап алынды. Оның жауабы өзге мәліметтермен сәйкес келмеді», – делінген Полиция департаментінің мәліметінде. Анықталғандай, қыздың жоғалуына азамат Б.-ның қатысы бар болып шыққан. Ол тергеу барысында бойжеткенді өлтіргенін мойындап, оның денесін жасырған орынды көрсеткен. «Белгілі болғандай, Б. өзінің жүріп жүрген қызын, өздері тұратын ауылдың жанында өлтірген. Себеп — қызғанышта. Б.-ның жауабына сүйенсек, ауылдан шыға берісте олардың арасында ұрыс болған. Салдарынан ол Валерияны өлтірген. Қылмыс ізін жасыру үшін жас жігіт қыздың денесін көміп тастаған. Өзінің қылмыстық пиғылын жалғастырып, Валерияның ата-анасына өтірік айтқан. Яғни, Валерия қалаға апарып тастауын өтініп, кейін еш себепсіз кетіп қалғаны туралы ата-анасына жалған ақпарат берген», – делінген хабарламада. Әуезов ауданының полиция басқармасы бұған дейін қозғалған істі «Адам өлтіру» бабына қайта өзгертті. Күдікті жігіт қамауға алынды.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде