jasqazaq.kz

Сыбайластарын у беріп өлтіріп келген

23 қазан 2016, 11:28

snimok

Қостанай облысы Әулиекөл кентінде 2013 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ пайда болды. Оның жетекшісі Түлеков облыстық прокуратураның деректеріне сәйкес, ұйымдасқан топқа өзінің таныстарын, туыстарын, ауылдықтарын тартқан.

Аталмыш қылмыстық топ 226 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты салық төлемдерінен жалтару мақсатында 7 жалған кәсіпорын құрған. Келтірілген шығын 2 миллиардтан астам теңгені құрады. Кәсіпорындар Қостанай облысы және Астана мен Алматы қалаларында жалған тұлғалардың атына тіркелген.

«Кейіннен, өздерінің қылмыстық іздерін жасыру үшін Түлеков өзінің сыбайластарының бірін өлтіріп, екіншісін өлтіремін деп қорқытқан. Түлеков оларға есірткі саламын, деген желеумен улы затты егіп келген», — деп атап өтеді Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жоғарыда аталған топтың қылмыстық әрекеті ҚК 4-бабы бойынша жіктелді. Онда өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза да қолданылуы мүмкін. Тергеу барысы облыс прокуратурасының процессуалды прокурорының бақылауында болды. Барлық тергеу әрекеттері қатаң түрде заңға сәйкес жүргізілді.

ҚазАқпарат

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды