jasqazaq.kz

Сыбайлас жемқорлықты хабарлағандарға қанша сыйақы береді?

14 маусым 2018, 18:05

Алматыда сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаға берілетін сыйақы мөлшері қылмыстың түріне қарай беріледі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті басшысы Ержан Ибрагимов айтты. ҚазАқпарат хабарлағандай, «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты хабарламаға берілетін сыйақы қылмыстың түріне байланысты. Ол 96 200 теңгеден басталып 240 500 теңгеге дейін барады. Егер жеңіл қылмыс болса онда хабарлаушы 40 АЕК көлемінде, яғни 96200 теңге ала алады. Егер бұл орташа деңгейдегі қылмыс болатын болса 50 АЕК яғни 120 250 теңге, ал ауыр қылмыс түрін хабарлаған кісіге 70 АЕК көлемінде 168 350 теңге беріледі. Өте ауыр деген қылмыс туралы хабарлағанға 100 АЕК яғни 240 500 теңге беріледі», – деді Ержан Ибрагимов. Оның айтуынша, биыл Алматыда сыбайлас жемқорлық жөнінде хабар таратқандарға 900 мың теңгедей ақша жұмсалған. Ал былтыр 3 млн көлемінде ақша бөлінген. Сондай-ақ спикердің айтуынша, биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті мен 54 қылмыстық іс қозғалып, оның 40-ы сотқа жіберілген. 18 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Келтірілген залал көлемі 170 миллионды құрайды, оның барлығы қайтарылды. Бюро құзіретіне сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау кіреді. Біздің тарапымыздан ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 200 бабын ұжымдық ортада түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл қылмыстың алдын алуға көмектеседі деген ойдамыз», – деді Ержан Ибрагимов.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді