jasqazaq.kz

Сурдлимпиадада ұлттық құрама капитаны қола жүлдені жеңіп алды

11 мамыр 2022, 18:47

Бразилияда өтіп жатқан сурдлимпиада ойындарында таэквандодан жарыстар аяқталды. Ұлттық құрама капитаны, 58 келіде сынға түскен Аян Әбдіраш қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, 68 келіде ел намысын қорғаған Нұрдәулет Жақып пен +80 келіде Фрундин Виктор да үшінші орынға тұрақтап, қола медаль иегерлері атанды. Ал, ядро лақтырудан Ольга Хижнякова Қазақстан қоржынына үшінші күміс жүлдені салды. Спортшымыз 12.32 м нәтижесімен екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Украина спортшысы жеңіп алса, үздік үштікті Колумбия өкілі қорытындылады. Сонымен қатар, жеңіл атлетикадан Фархат Қыстаубаев кедергілермен жүгіруден қола жүлдені иеленсе, Раушан Бейсебай сырықпен секіруден үздік үштік қатарынан көрінді. Ал, Ольга Хижнякова балға лақтырудан тағы бір қола жүлдені жеңіп алды. Сонымен, Қазақстан қоржынында 3 күміс, 15 қола жүлде бар. Бразилияның Кашиас-ду-сул қаласында жазғы Сурдалимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өткенін хабарлаған болатынбыз. Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен 3500 спортшы бақ сынап жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр