jasqazaq.kz

Супермаркеттен алынған пакеттен жарқанат табылды (видео)

10 қыркүйек 2020, 12:04

Қостанайда супермаркеттен алынған пакеттен жарқанат шықты. Бұл туралы «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

6 қыркүйекте Қостанай тұрғыны супермаркеттен салат жапырағы салынған пакет сатып алған. Ал таңертең баласына сэндвич жасамақ болған кезде пакеттен тірі тіршілік иесін көрген.

«Кешке мен пакетті тоңазытқышқа салдым. Таңертең оны алдым, жапырақты алдым, жуа бастадым, сол кезде дауыс естілді. Пакет сықырлады деп ойладым. Түзетіп қарасам, пакеттің төменгі жағындағы ыдыста бірнәрсе маған қарап тұр, не ысқырып, не қысылап тұр. Күйеуім менің айқайыма жүгіріп келіп, «иә, бұл жарғанат!» деп айтты. Қорқынышты сезіндім бе? Шынымды айтсам, әлі күнге дейін шокта жүрмін. Оның мені тістеп алмағынының өзі керемет. 9 жасар қызымыз салат жапырағын өзі жиі алады. Егер жарқанат оны шағып алса…»- деді Ирина Вишненко.

Келесі күні ерлі-зайыптылар жағдайды анықтау үшін дүкенге барды.

«Әкімші жарқанат қоймада болуы мүмкін деп ескертті. Біз оған газетте жарияланатыны туралы хабарладық. Біздің мақсатымыз — сатып алушыларға сақ болуды ескерту. Пакет бірнеше себептермен дүкенге қайтарылды. Біріншіден, онда барлық тауарларды қайта қарау керек. Екіншіден, жарқанатты дұрыс жою үшін. Өйткені, ол қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Бізден кешірімі сұрады ма? Жоқ. Олар ақшаны қайтаруды да ұсынған жоқ. Бұл жағдайға кім кінәлі екенін білмеймін, бастысы, қайталанбаса екен», — дейді Ирина.

Кейінірек журналистер ресми түсініктеме алу үшін супермаркет әкімшісі Темірлан Нусанбаевқа жүгінді. Ол республикалық дүкендер желісінің бас кеңсесіне сұраныс жазуға кеңес берді. Ол мұндағы жауапкершілік тауарды өндірушіге жүктелетінін атап өтті. Өндіруші Евгений Ионин (Ресей, Свердлов облысы) бұл пікірмен келіспейді.

«Бұл пакеттің менен сіздердің дүкендеріңізге дейін қанша қолмен өткенін елестете аласыз ба? Оны қалай тасымалдады , қалай сақтады — мен мұны білмеймін. Қаптама ашық, жарқанаткез-келген қоймада пакетке кіре алады. Біз жіберер алдында әр пакетті тексереміз. Менің ойымша, бұл дүкеннің жауапкершілігі, өйткені қабылдау кезінде олар тауарды мұқият тексеруі керек», — деді Евгений Ионин.

Журналистер супермаркеттер желісінің басшылығына және аймақтың санитарлық қызметіне ресми сұраныс жіберді.

Бүгін, 14:55
Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды
28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ
28 мамыр, 13:57
30 предприятий Туркестанской области приняли участие в выставке «ULTTYQ ÓNIM - 2026»
28 мамыр, 13:52
Туркестан: в Ордабасинском районе откроется завод по переработке костей крупного рогатого скота
26 мамыр, 16:59
Как формируется интерес студентов к чтению книг в Туркестане?