jasqazaq.kz

Sunday tour туристік фирмасына алданған туристер шу шығарды (видео)

08 маусым 2018, 11:41

Демалысы дауға ұласты. Алматыда Sunday tour атты туристік фирма 40-қа жуық адамды тақырға отырғызып кетті. Түркияда демалғысы келгендер енді туристік фирма басшысын таппай сабылып жүр. Саяхатшыны шетелге жібермей олардың жалпы сомасы 19 миллион теңгесін қалтасына басып алған басшы, ізім-ғайым жоқ. Фирма қызметкерлері де алаяқтың құрығына түстік деп отыр.

КТК  хабарлағандай, санаулы күннен кейн Түркияда демалуы тиіс 30-дан астам турист бүгін Sunday tour фирмасында басшыны таппай ұлардай шулап жүр. Қымбат қонақүй, теңіз жағасы бір сөзбен айтқанда, ұмытылмас демалыс ұйымдастырамыз деген туристік фирмаға халық имандай сеніп, әрқайсысы 800 мыңнан бастап 2-3 миллион теңгеге дейін төлеген. Демалысы дауға ұласқандар енді, міне, кезек-кезек арыз жазып жатыр. Әсел Зәкірова  турист: -Жаным күйіп тұр енді. Төрт баламмен бару керек болғанмын. Жолдаманы алу үшін кредит алдым. Зүлия Бадамбаеваның да немерелеріне деген сыйлығы күл-талқан болды. Зейнетақысын тернектеп жүріп жинаған ол ақшамды енді қалай қайтарамын деп налиды. Зүлия Бадамбаева  турист: -Немерелерім қуанып, Алматы арқылы кету керек болған. Қызымды жіберейін деп едім. Мұндай жағдай болатынын қай жақтан білейін. Қызметкерлері арқылы жымысқы әрекетін жүзеге асырған Александр Докуев есімді алаяқ туристерден жалпы соммасы 19 миллион теңгені қалтасына басып, үшті-күйлі жоқ болған. Екі айдан бері маңдай тер еңбек ақымызды алмадық деген фирманың менеджерлері бұл шаруаға қатысымыз жоқ деп ат-тондарын ала қашты. Әйгерім Оратаева, Туристік фирманың қызметкері: -Біз жұмыс істеп жүргенде бәрі дұрыс болатын. Бір кезде туроператорлар хабарласты. Ақша түспеді деп. Сосын алаңдай бастадық. Бастыққа хабарластық. Жолы болмаған жолаушылардың мәселесімен енді құқық қорғау орындары айналыспақ. Олар алданған адамдардың арызы бойынша қылмыстық іс қозғады.Ал ақшасын даулаған туристер қаражатымызды қайтару үшін алаяқ басшыны іздеуге атсалысамыз дейді.

.

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді