jasqazaq.kz

Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді

03 шiлде 2019, 11:29

Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Ол процессуалдық келісімге келіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты. 

«Вице-министр бойынша, қорғаушы-адвокат жүгінгенін ескере отырып, ол процессуалдық келісімге келу жолымен іс жүргізуге дайын. Іс жедел түрде сотқа жіберілді», — деді Шпекбаев білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңсенің ашылуында. Соттың шешімімен Суханбердиева 6 тамызға дейін қамауда болады. Оған пара алды және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. «Тестілеу орталығың директоры бойынша іс әлі тергеуде. Жақын арада аяқтаймыз деп ойлаймын. Бізде көпэпизодты, созылмалы істер болды. Бірақ қазіргі заңнама басқаша, егер олар өз әрекеттерін мойындаса, іс жедел тәртіпте сотқа жіберіледі. 10 күннің ішінде сот қарайды деп ойлаймын», — деді Шпекбаев. Тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов 20 шілдеге дейін қамауға алынған. Экс-басшы делдал арқылы жүйелі түрде ірі көлемде пара алды деп айыпталып жатыр. Сонымен қатар, 2016 жылы Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қызметін атқарған басшыға білім беру жүйесінің қызметіне байланысты мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде үлестес компаниялардың мүдделерін лоббилендіргені үшін пара ретінде құны 9 миллион теңгеден асатын Toyota Camry маркалы автокөлік алды деген айып тағылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда