jasqazaq.kz

Суға кеткен полицей мемлекеттік наградаға ұсынылады

23 наурыз 2019, 10:51

Атырауда қызды құтқарам деп суға кеткен Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі-ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкері Ақымғалиев Шалқар Көкінбаевтың отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Атырауда қызды құтқарам деп суға батып кеткен патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады.Ш.Ақымғалиевтің отбасына ІІМ жеке құрамы тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады», — деді Нұрділдә Ораз. ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев Шалқардың анасы Ләззат Мәженқызына жолдаған көңіл айту хатында ішкі істер органдары және қалың қазақ жұрты өзінің ер-жүрек, батыр ұлынынан көз жазып қалғандығын, бұл орны толмас қайғы екендігін баса атап өткен. «Қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының «Адам болу — қасиет, азамат болу — міндет, патриот болу — парыз» деген қанатты сөзі бар. Сіздер тәрбиелеп өсірген ұлдарыңыз Шалқар Көшкінбайұлы осы қасиеттерге лайық еді. Адам ретінде қалыптасты, азамат болып атқа қонды, патриоттық болмысымен ел тыныштығын қорғады. Ол әрбір қазақстандықтың өмірін сақтауды өзінің қасиетті борышы санады. Сондықтан сын сағаттарда нағыз батырларға тән ерлікке барып, өзгенің өмірі үшін өз жанын құрбан етті», — деп жазды ол. Министр хатында Шалқар Көшкінбайұлы ішкі істер саласында бес жыл қызмет атқарғанын, оны әріптестері қызметіне адал, достыққа берік, жүрегі үлкен азамат ретінде білетіндігіне баса назар аударған. «Елін шексіз сүйген, халқы үшін адал қызмет атқарып, туған жер тыныштығын қас қақпай қорғаған батыр ұл өсіргендеріңіз үшін алдарыңызда басымызды иеміз. Біз оның ерен ерлігін, батырлық болмысын, биік азаматтық келбетін ешқашан ұмытпаймыз. Асыл ердің жаны жәннатта, топырағы торқа, иманы жолдас болсын!», — деді Е.Тұрғымбаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде