jasqazaq.kz

Суға батып кеткен екі шетелдік студент іздестіріліп жатыр

27 маусым 2022, 10:18

Түркістан облысының құтқарушылары екі шетелдік студентті іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметіне Үндістан Республикасының азаматтары Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, шетелдік студенттер Төлеби ауданындағы тауға 26 маусым күні саяхатқа шыққан. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Олар Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері екені анықталған.

«Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне кешкі сағат 20:10 -да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің суға батып кеткені туралы ақпарат түседі.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-дан 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы мен құралдары жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда» делінген хабарламада.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр