jasqazaq.kz

Суға батып бара жатқан оқушыны құтқарып қалды (видео)

05 қараша 2018, 12:15

Оқиға 3 қараша күні болған. Көкшетаудағы Қылшақты өзеніне 8-9 жас шамасындағы бала түсіп кетіп, оны сол маңда кетіп бара жатқан кездейсоқ куәгер — 17 жастағы бозбала құтқарып алды.

Sn.kz  жазғандай,  кішкентай оқушы мұздың үстінде ойнап жүрген сәтте мұз сынып кетіп, ол суға батып кете жаздапты.

Құтқарушының есімі — Темірлан Шәріпбаев, ол Зеренді ауданының тумасы. Бозбала Көкшетауда құтқарушының оқуын оқып жүр екен. Бала кезден осы кәсіпті меңгеруді армандапты. Ал, өзінің батыл әрекетін ол мүлдем батырлыққа баламайды, тек адамдық борышымды ғана атқардым дейді.

Темірланның әкесі — бапкер, анасы — мұғалім. Өзі 9-сыныптан кейін көпсалалы колледжге оқуға түсіпті. Оқиға болған сәтте ол жаттығудан келе жатқан екен. Өзен жағасында жиналып тұрған адамдарды көріп, шұғыл сол маңға қарай жүгірген.

Абырой болғанда, Темірланмен бірге тағы бір адам суға түсіп, екеулеп жүріп баланы жағаға шығарып алыпты. Әзірге, екінші құтқарушының кім екені анықталмай жатыр. Ол да аязды күні суға бас салып, Темірланды демеп жіберген.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=33&v=yIy9IdRuEd0

 

 

 

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді