jasqazaq.kz

Суға батқан қызды куәгерлер видеоға түсіріп тұрған

04 тамыз 2018, 12:27

«Алау» атты жекеменшік жағалаудың аумағында қайғылы оқиға орын алды. Демалуға келген үш бойжеткен суға бата бергенде көмекке шақырып айғайлаған. Олардың екеуін судан шығарып алғанымен, үшінші қыздың құтқарып үлгермеген деп жазады «Ақтөбе Таймс»-қа сілтеме жасап NUR.KZ.

Оқиға 29 шілде күні орын алған. Басылымның мәлімдеуінше, қыздар көмекке шақырғанда оларды құтқаруға көп адам талпынбаған.

Екі бойжеткенді судан шығарып алғанымен, 15 жасар оқушы қызды құтқарып үлгермей қалған. Қыз баланың денесін тек 40 минуттан соң құтқарушылар шығарып алды.

Желі қолданушысы қыз баланың көптеген куәгерлердің көзінше қайтыс болғанын жазды. Оның айтуынша, демалыс орнында жағалауда отыратын құтқарушылар мүлде болмаған.

Демалушылардың басым көпшілігі жағалаудың қауіпсіздік үшін қажетті деңгейде жабдықталмағанын айтып ашынды.

Куәгерлердің бірі Любовь Москальчук қыз балаға көбісі көмектеспей жай қарап тұрғанын айтады. Оған қоса, кейбір адамдар тіпті ұялы телеофондарын алып оқиғаны түсіріп тұрған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді