jasqazaq.kz

«Суға ағып кетті». СҚО-да 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр (Видео)

09 маусым 2021, 17:40

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер сегіз жастағы қызды іздестіріп жатыр. Жоғалған күні қыз ағасымен бірге ойнауға кеткен. Бірақ бала үйіне жалғыз оралған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға бір күн бұрын, 8 мамырда Покровка ауылында болған. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметі ақпараты бойынша, бала демалысқа туыстарының үйіне келген. Күндіз қыз ағасымен ойнауға шыққан, ал кешке бала үйге жалғыз оралған. Ол қарындасының қайда екенін түсіндіре алмады. Қыздың әжесі учаскелік инспекторға жүгініп, Төтенше жағдайлар департаментінің еріктілері мен қызметкерлері іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған.

Тек біраз уақыттан кейін ғана қыздың ағасы не болғанын ата-анасына айтқан. Оның айтуынша, олар шомылып жүргенде қыз суға ағып кеткен. Оның заттары жағадан табылды.

«Өтініш кешкі сағат 11 шамасында түсті. Түні бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қазір жұмыс жалғасып жатыр. Сүңгуірлер шақырылды», — деді Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Еслямбеков.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SoltústіkQaz_tjm (@soltustkqaz_tjm)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия