jasqazaq.kz

Суды ластаған екі зауытқа айыппұл салынды

22 мамыр 2019, 12:30

Мұнай өнімдерімен су мен жерді ластаған оралдық қос кәсіпорынға айыппұл салынды.

БҚО экология департаменті басшысының орынбасары Мұрат Ермекқалиевтің айтуынша, мұнай өнімдерімен ластауға қатыстылығын анықтау үшін Чапаев атындағы затон аумағында орналасқан барлығы алты кәсіпорын тексерілді. Атап айтқанда, «Дизельпром», «SeaLain», «Орал кеме жасау және жөндеу компаниясы», «Эсторал», «Флот» ЖШС және «Қазақстан су жолдары» РМК Орал филиалы тексеруден өткізілді. Соның ішінде өз өндірістік базасында кеме жөндеумен айналысатын «Орал кеме жасау және жөндеу компаниясы» мен оның еншілес кәсіпорны «Дизельпром» ЖШС-ның суға шығатын жері жоқ екендігі белгілі болды. Сонымен қатар үш кәсіпорын кемелері орын тепкен судағы химиялық толық талдау онда мұнай өнімдерінің жоқтығын көрсетті. Чапаев атындағы затонда жағалау алаңдары бар «Эсторал» ЖШС мен «Қазақстан су жолдары» РМК Орал филиалы орналасқан жерден топырақ сынамалары алынды. Соның нәтижесінде «Эсторал» ЖШС-ның топырақ қабатын мұнай өнімдерімен ластағаны анықталды. Бұл ҚР Экология кодексі 217-бабы 2-тармағына қайшы келеді. Заңды тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 337-бабы 2-бөлігіне сәйкес (жерді бүлдіру) әкімшілік жауапқа тартылды. Оған қоса «Қазақстан су жолдары» РМК Орал филиалы орын тепкен аумақтағы судан алынған бес сынама қорытындысы мұнай өнімдерінің шамадан тыс асып кеткенін көрсетті. Бұл Экология кодексінің 199 және 267-баптарын бұзу болып табылады. Тексеру қорытындысы бойынша бұл заңды тұлға да ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 324-бабы 1-бөлігі (қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу) және 337-бабы 2-бөлігіне сәйкес (жерді бүлдіру) жауапқа тартылды. «Екі кәсіпорынға да 63 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Енді анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіледі», — деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Ермекқалиев.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда