jasqazaq.kz

Субсидияға бөлінген қаржыны ұрлаған (Видео)

29 қараша 2021, 22:10

Шығыс Қазақстан облысында 140 миллион теңгеге мемлекеттік субсидияны заңсыз алу дерегі анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті бірқатар үлестес кәсіпорын басшыларына қатысты субсидияларды заңсыз алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

«ЖШС басшыларының бірі 2019-2020 жылдар аралығында «Асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалпы сомасы 140 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алған», — делінген хабарламада.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы үлестес кәсіпорындармен 1000-нан аса асылтұқымды ірі қара мал сатып алу туралы жалған шарттар ұсынған. Ұйымдастырушы қамауға алынған. Агенттік тергеу жүргізіліп жатырғанын, басқа ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде