jasqazaq.kz

Субсидия алуға көмектесемін деп 30 адамды алдаған

25 ақпан 2019, 11:56

Түркістанда субсидия алуға көмектесемін деп 30 тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды. Күдіктінің жәбірленушілерге бір миллион теңгеден аса шығын келтіргені анықталып отыр.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тұрғындар қаладағы тәртіп сақшыларына арызданып келген. Айтуларынша, белгісіз бір әйел оларға «субсидия алып беремін» деп 40 мың теңгеден жинаған. Содан кейін қарасын көрсетпеген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жұртты алдап соққан әйел қолға түсті. Тергеу барысында оның 30 адамнан мемлекеттік бағдарлама бойынша ақша алуға көмектесемін деген уәдемен 1 миллион теңгеден аса ақша алғаны дәлелденді. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 190-шы «Алаяқтық» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде