jasqazaq.kz

Су ортасында қалғандар құтқарылды (видео)

06 мамыр 2020, 13:37

Түркістан облысының полицейлері су ортасында қалып қойған екі тұрғынды құтқарып, алғыс алды.

Мақтаарал ауданында су басқан ауылдарда өз қызметтерін атқарып жүрген полицейлерге, Фирдоуси ауылындағы ферма аумағында қалып кеткен адамдар көмек сұрап хабарласады. Хабар келісімен осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы, жанына еріктілерді алып, су басқан Фирдоуси ауылына қайықпен шұғыл жетеді. Жан-жақты мұқият қарап шығып, қалып кеткен тұрғындарды іздеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде судың ортасында тұрған екі тұрғынды тапты. Тез арада қайықтың бағытын сол жаққа бұрып, екі адамның жанына келіп, оларды қайыққа отырғызып, басқа адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, екі жас жігітті қауіпсіз аймаққа шығарды.

https://youtu.be/nqgKjyXY5iE

Тұрғындармен тілдесіп, сұрастыру барысында олардың жылқыларын іздеп шығып, ауылды түгел су шайып кеткеннен кейін, кері қайта алмай қалғандары белгілі болды. Жас жігіттер құтқарушы полицей мен еріктілерге шынайы алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Полицейлер “дүние-мүліктеріңіз үшін осындай көзсіз батырлыққа барудың қажеті жоқ. Ең бастысы- өз өмірлеріңіз. Су басқан үйлеріңізге, қора-жайларыңызға кіреміз деп, өз бастарыңызды қатерге тікпеңіздер. Бұл ауылдарға мүлдем кіруге болмайды” – деп тұрғындарды сабырлыққа шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия