jasqazaq.kz

Су басқан аймақтардың ғарыштан түсірілген суреті пайда болды

05 мамыр 2020, 17:07

Жерді қашықтан зондтау және жер учаскелерін цифрлау жүйесі Түркістан облысы, Мақтарал ауданындағы су басу аумағын жедел анықтауға мүмкіндік берді.

ҚР ЦДИАӨМ ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, KazStSat және KazEOSat-1 қазақстандық спутниктерінен, сондай-ақ Қазақстанның стратегиялық әріптесі – Airbus D&S спутнигінен алынған ғарыштық мониторинг деректері өңірдегі су тасқыны жағдайын талдауға негіз болған.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» мамандары қысқа мерзімде су басқан елдімекендердегі үйлер мен ғимараттарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады. Бұл Мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіндегі цифрланған кадастрлық деректердің арқасында мүмкін болды.

Әкімдік осы мәліметтер бойынша зардап шеккен азаматтарды, яғни жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің иелерін анықтай алды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары ғарыштан алынған деректерді арнайы геопорталға орналастырды. Төтенше жағдайды одан әрі қадағалау үшін бұл деректер Түркістан облысының әкімдігіне және Төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық департаментке беріліп отырды. Спутниктен алынған деректер ТЖ кезінде үнемі жаңартылып тұрады.

Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы «Сардоба» су қоймасы бөгетінің бұзылуы туралы хабар берілген бойда, Жерді қашықтан зондтау құралдары арқылы жағдай бақылауға алынды. Спутниктердің жұмысын бақылап отыратын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының мамандары «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» жерсеріктерінің орбиталардан өтуіне септесе, «Ghalam» ЖШС мамандары ғылыми-технологиялық мақсаттағы KazStSat спутнигінің қажетті аймақтың үстінен өтуіне септеп, алдағы күнге түсірілім жұмысын жоспарлады. Осымен бірге, белгіленген аумақты суретке түсіру жұмысына «Қазақстан Ғарыш Сапары»-ның әлемдік әріптестері: Airbus, Maxar, Planet операторлары да қатысты.

Дерекөзі: zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия