jasqazaq.kz

Студенттерге шәкіртақы төлеу жүйесі өзгереді

15 желтоқсан 2020, 12:42


Алдағы уақытта шәкіртақы университет арқылы емес студенттерге тікелей төленетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Шәкіртақы төлеу жүйесін өзгертуге қатысты нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Біз қазір біраз нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауымыз керек. Содан кейін, мүмкін, келесі жылдың басында шәкіртақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеміз. Сонда университеттер арқылы шәкіртақы төленбей. Нақты шәкіртақы әр студентке тікелей төленетін жүйеге көшуіміз қажет», — деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында. Сонымен қатар министр аталған жаңа жүйеге қатысты тиісті іс-шаралар қабылдану үстінде екендігін баса айтты. «Бұлардан өзде де проблемалық мәселелер бар. Оның бәрін біз білеміз. Сондықтан ол мәселелерге қайтып келіп, тағы бір мәрте қарастырамыз. Бүгін айтылған ұсыныстар бойынша тиісті зерттеу-талдама жұмысын жүргізуіміз керек. Одан кейін нақты іс-шараларды бекітіп, қалай болғанда да бұл пробламаларды шешу қажет», — деді ол.

ҚазАқпарат

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия