jasqazaq.kz

Студенттерге оқ атқан пермьдік шабуылшының қолға түскен видеосы пайда болды

20 қыркүйек 2021, 17:13

Желіде 20 қыркүйекте Пермь университетіне оқ жаудырған қарулы қылмыскерді қол түсірген бейнежазба пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жазба кадрларынан жергілікті БАҚ ГИБДД қызметкері деп атаған адамның қарулы қылмыскерге қарсы оқ атқанын көруге болады. Олардың мәліметінше, төтенше жағдай орнына келген инспектор ғимаратқа жүгіріп кіріп бірнеше рет оқ атқан, содан кейін қарулы адамды ұстаған.

Ресей Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қылмыскер студент полицейлердің жауынгерлік оғынан жарақат алған.

«Оқиға орнына бірінші болып Пермь қаласы бойынша ІІМ Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясының жол полициясы полкінің экипажы жеткен. Полиция кіші лейтенанты Константин Калинин бас ғимаратқа кірді, ал оның әріптесі аға полиция лейтенанты Владимир Макаров азаматтарды эвакуациялауды ұйымдастыра бастаған. Ғимарат ішінде Константин Калинин қарулы адамды көреді. Полицейді байқаған қылмыскер оған қарсы бірнеше рет оқ атқан. Қарсы жауап ретінде жол полициясы шабуылдаушыны жаралайды, одан соң жанына келіп қаруынан айырып алғашқы көмекті көрсетеді», — деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің сайтында.

Айта кетейік, бүгін белгісіз адам Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырды. Қазіргі уақыттағы мәлімет бойынша 8 адам қаза тауып, 28 -і жараланғаны белгілі. Кейбір мәліметтер бойынша, атысты шығарған 18 жастағы студент Тимур Бекмансуров есімді азамат болуы мүмкін.

Сонымен қатар, қылмыскердің “Мен бұл туралы ұзақ ойлап жүрдім, жылдар өтті, мен армандаған нәрсені іске асыруға бір сағат қалғанын түсіндім» – деп жазған сөздері тараған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия