jasqazaq.kz

Студенттердің шәкіртақысынан заңсыз ақша ұстаған

20 қараша 2020, 11:40

Алматы қалалық прокуратурасы студенттердің құқығын қорғады.

Қала прокуратурасы колледждердің қызметіне студенттердің сабаққа қатыспағаны үшін айыппұл санкцияларын салудың заңдылығына талдау жүргізді. Мониторинг көрсеткендей, Алматыда бірқатар колледж сабаққа қатыспағаны үшін студенттерге айыппұл салады, ал басқалары оларға тәртіптік жаза қолданады. Сонымен қатар, кейбір колледждердің нормативтік құжаттары студенттерге айыппұл санкцияларын қолдануды қарастырады.

«Қала прокуратурасының араласуынан кейін колледж әкімшіліктері осы тармақтарды алып тастады. Қадағалау актісі бойынша колледжде оқитын 473 студенттің құқығы қалпына келтірілді, студенттерге салынған 3 млн теңге көлеміндегі айыппұл қайта өтелді. Сонымен қатар, 4 мыңнан астам колледж студенттерінің шәкіртақысынан кәсіподақ 4,5 млн теңгені заңсыз ұстап қалғаны анықталды»,– деп хабарлады ведомстводан.

Заңға сәйкес, кәсіподақтардың қызметі жұмыс берушінің алдында жұмыскердің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған.

«Сондықтан қадағалау актісімен студенттердің стипендиясынан ұстап қалу және айыппұл санкцияларын өндіріп алудың заңсыз практикасы тоқтатылды. Студент жастардың құқықтарын сақтау қала прокуратурасының тұрақты бақылауында»,– деп атап өтті прокуратурадағылар.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде