jasqazaq.kz

Студенттерден ақша бопсалаған топ ұсталды

09 шiлде 2024, 8:27

Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастар тобын ұстады. Polisia.kz жазғандай, олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер зорлық-зомбылық әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс. Павлодар облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен ағымдағы жылдың мамыр айында жастарды бопсалаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Топ мүшелеріне осындай 10 фактіге қатысы бар деген айып тағылып отыр. Олар жәбірленушілерді қорқытып, 2 млн теңгеге дейін алған. Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан кейбіреулер суицид жасауға дейін барған. Осындай оқиғалардың бірінде қорлық пен соққыға шыдамаған 22 жастағы жігіт өзін-өзі өлтіруге оқталған.
Топ мүшелерін ұстау кезінде олардан травматикалық және суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткі тәркіленді. Барлық күдікті қамауға алынды. Жәбірленушілерге қатысты қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
JQ-Aqparat
Сурет: polisia.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі