jasqazaq.kz

Студенттер жатақхананы өздері салады

06 наурыз 2018, 16:54


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынатын 75 мың орындық жатақхана құрылысына студенттер де тартылады. Бұл туралы бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов айтты.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасына байланысты бүгін бірқатар кездесу өткіздік. Түске дейін сарапшылармен кездесіп, ақылдастық. Себебі Мемлекет басшысы бұл бастамаларды жүзеге асыру барысында халықпен кең талқылауды тапсырған болатын. Талқылау барысында бұл үрдіске жастарды кеңінен тарту мәселесіне айрықша назар аудардық. Өйткені, жатақханаларды жастардың өздері-ақ сала алады. Сол арқылы бір жағынан жастарды жұмыспен қамтысақ, екінші жағынан жатақханаларды салу барысында жастармен ақылдаса отырып, оны барынша қолайлы жасар едік. Бұған қоса, жастар табыс та табады», — деді вице-министр С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетте өткен Қазақстан жастары форумы барысында. Оның айтуынша, қазір еліміздің әрбір аймағында «Жасыл ел» жасақтары бар. Мәселен, былтыр аталған ұйымның 24 мыңнан астам жасы жұмыс істеді. Мұнан бөлек, көптеген аймақтарда құрылыс отрядтары жасақталған. «Олардың барлығы да жұмыс істеуге дайын деп ойлаймын. Сондықтан ол жастарды жұмысқа тартқаннан ешім ұтылмайды. Қайта жастардың өздері ұтады. Өздері тұратын болғаннан кейін жатақханалар да сапалы салынады», — деді вице-министр. Сонымен қатар ол сарапшылар кеңесі барысында білім гранттарын жұмысшы мамандықтары тапшы аймақтарға көбірек бөлу жайында да ұсыныстар болғанын атап өтті. «Біз бұл ұсыныстарды жинақтап, тиісті мемлекеттік органдарға, жергілікті әкімшіліктерге таратамыз. Тағы бір маңызды мәселе кеше Елбасы бұл жұмыстарға мониторинг жасауға «Нұр Отан» партиясын тарту керек деп айтты. Осы жұмыстарға жастарды, жастар ұйымдарын кеңінен тартсақ, нәтижесі оң болатындығына сенімдімін», — деді Абзал Нүркенов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде