
Жалған құжаттарды дайындағаны үшін полиция жастарға қарсы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 10 ақпанда Instagram-дағы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында @hooligan.market пабликінде ҚР ІІМ қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін дайындау және сату туралы видео хабарландыруды анықталды. Бұл туралы jasqazaq.kz ақапарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
— Павлодар қаласы орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары ПМУ-дің екі студентін ұстады, олар үй жағдайында ІІБ қызметкерлерінің жалған қызметтік куәліктерін дайындаған, – деп хабарлады ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Жалған құжаттарды дайындау және өткізу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 385-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден процессор, принтер және қызыл түсті куәліктердің мұқабалары тәркіленіп, сараптама тағайындалды.