jasqazaq.kz

Студенттер көлікке мініп алып ойына келгенді істеген (видео)

29 маусым 2020, 11:25

Әлеуметтік желілерде жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, көшеде бірнеше автокөліктермен серуендеп, автошеру ұйымдастырған жастардың видеосы тарады.

Тексеру барысында Шымкент қаласының студенттері Төлеби ауданы Алғабас асуы арқылы Қазығұрт ауданына бара жатқандары анықталды. Жол бойында бассыздық жасап, тәртіп бұзғандардың жеке басын анықтау мақсатында Төлеби АПБ-ның полиция қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізіп, кінәлі жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде, 2 “Мерседес” маркалы автокөлігімен “ВАЗ”, “Лада” маркалы көліктер анықталды.

“Мерседес” жүргізушілеріне қатысты әкімшілік жауапқа тарту бойынша екі хаттама толтырылды. Олар келесідей: ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы “Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау” және 593-бабы “Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау”. Ал, “ВАЗ” және “Лада” автокөліктеріне қатысты айыптұрағына қою бойынша жұмыстар жасалып жатыр.

Қазіргі таңда қалған жол қауіпсіздігі ережесін бұзушылыққа қатысушыларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия