jasqazaq.kz

Студент есірткі жарнамалаған

29 қараша 2018, 11:54

Есірткі жарнамасы

Алматы полициясы есірткі заттарын заңсыз жарнамалаған үш колледж студенттерін ұстады. Студенттер «Допинг» есірткі заттарын таратудың алдын алу шарасы барысында анықталған.

«Біздің қызметкерлер «Скорость — Papa Hais Operator» деген жазумен есірткі және психотропты заттарды жарнамалады деген күдікпен үш колледж студенттерін ұстады. Олар Әуезов ауданындағы үйлердің қабырғаларына трафарет және қара түсті спрей-бояулармен есірткі туралы ақпараттар жазып отырған. Студенттерге әр жазу үшін 500 теңге төлеу уәде етілген», — деді қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әлмағамбетов. Тәртіп сақшылары есірткі туралы ақпараттарды көрген жағдайда полицияға «+7 708 300 0611, +7 776 088 8820 нөмірлеріне) бірден хабар беруді сұрайды. Сонымен қатар, полиция ата-аналарға бұл ақпаратты балалардың оқуына жол бермеуге кеңес береді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді