Степногор қаласының тұрғынынан 200 мың теңге ақша бопсалаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, үстіміздегі жылдың 29-ыншы қазанында Степногор қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, бейтаныс адамның 200 мың теңге ақша бопсалағанын айтқан. «Осыған байланысты ҚР ҚК 194 бабының 2 бөлігі «бопсалау» бойынша Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Зардап шегуші өзінің өмірі мен денсаулығы үшін күдіктің заңсыз талабын келіскен. Алайда, ол қажетті ақша болмаған соң полициядан көмек сұрады», — дейді ведомстводан. Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, үстіміздегі жылдың 1-ші қарашасында жедел — алдын алу шарасы барысында Степногор қаласының 31жастағы тұрғыны ұсталды. «Күдікті бұрын «ДЗЭДО» спорт түрімен айналысқан. Ер адам өзінің кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жалғасуда», — деп толықтырды ведомстводан.