jasqazaq.kz

Статистика: Пәтерді жалға беру ақысы 47,2%-ға өсті

04 қазан 2022, 17:03


Қыркүйек айында тұрғын үйді жалға беру ақысы жылдық мәнде 47,2%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, өткен айда тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін жалдау ақысы – орта есеппен 4 612 теңге болды, ал бір ай бұрын ол – 4 029 теңге мөлшерінде болған.

Республикалық деңгейден баға тек Алматы қаласында жоғары – 5 611 тг/м2. Баспананы жалға беру бағасы, сондай-ақ Астана және Ақтау қалаларында қымбат, шаршы метріне – тиісінше 4 485 және 3 253 теңгеден.

Жалға берілетін тұрғын үйдің ең төменгі бағасы Қызылорда (1 797 тг/м2 ), Тараз (1 809 тт/м2) және Жезқазған (1 845 тг/м2) қалаларында тіркелген.

Тұрғын үйді жалға алу бағасы бір айдың ішінде Қостанай қаласында айтарлықтай қымбаттады, бірден 42,6%-ға. Баға қарқынды түрде Петропавл қаласында да өсті – 27%. Баға өсімінің үштігінде Қарағанды қаласы да бар, онда қыркүйек айында тұрғын үйді жалға алу бағасы тамызбен салыстырғанда 21%-ға өсті.

Тұрғын үйді жалға алу бағасы Түркістан (0,6%), Талдықорған (3,5%), Шымкент (3,9%) және Қызылорда (4,3%) қалаларында болмашы мөлшерде өсті.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр