jasqazaq.kz

Статистика. Қазақстанда жемқорлар көбейіп барады

23 сәуiр 2021, 16:21

Аса ауыр қылмыс құрамы бойынша жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны артып барады, деп мәлімдеді арнайы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және шұғыл әрекет ету басқармасының бастығы Нұрлан Жақсымбетов, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың І-тоқсанында 452 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның төрттен үші — жемқорлық. Аса ауыр құрамдағы қылмыстар санының өсуі байқалады. 1,5 есеге өсу, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы ірі, көп деңгейлі, заңбұрушы сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтауға және әшкерелеуге бағытталғандығын көрсетеді, — деді Нұрлан Жақсымбетов.
Оның айтуынша, тіркелген қылмыстардың көп бөлігі — пара алу және ысырап ету фактілері.

Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 412 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 42 адам республикалық және аймақтық деңгейдегі басшылар.

Ол сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп бөлігін әлі де жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, полиция қызметкерлері және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері жасайтынын баса айтты.

Бұл әбден түсінікті, өйткені біздің мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі әкімдіктерде, полиция бөлімдерінде жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа бейім сала қатарында кедендік бақылау органдары — 85 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, білім беру — 32, денсаулық сақтау және құрылыс саласы (27 адам) ерекше көзге түседі, — деп сөзін аяқтады Жақсымбетов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия