jasqazaq.kz

Стати ісі: Англияның жоғары соты Қазақстан пайдасына шешім шығарды

23 сәуiр 2020, 15:08

Англияның Жоғары соты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі атынан Қазақстан Республикасының қатысуымен сот ісі бойынша шешім шығарды. Бұл туралы ҚР ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жауап беруші ретінде Нью-Йорк Банкі Меллон (BNYM), Анатол мен Габриел Стати және олармен байланысты компаниялар болды. Бұл Англияның Жоғары сотының тарихында Қазақстан тарапының бастамасымен және күш-жігерімен коронавирустың жаһандық пандемиясына байланысты қашықтан өткен бірінші процесс болды. Заңгерлер, сарапшылар мен куәгерлер Ұлыбританияда, Қазақстанда, Бельгияда және АҚШ-та бола тұра, отырыстарға қатысты. Сот талқылауы 2018 жылғы мамырдан бастап жалғасып келеді. Англияның Жоғары сотындағы процеске қатысу үшін Ұлттық Банк Stewarts және 3 Verulam Buildings сияқты белгілі заң фирмаларын тартты. Сотта істі қарау барысында Ұлттық Банк Стати дәлелдерінің негізсіздігін және кастодиан ретінде BNYM-де Ұлттық қордың активтеріне қатысты Ұлттық Банк алдында ғана міндеттемелері бар екендігін дәлелдеді. Бұл шешім Статидің төрелік шешімді Қазақстан Республикасына қарсы орындауға әкелу әрекеттеріне байланысты ұзаққа созылған сот талқылаулары тізбегіндегі маңызды бөлік болып табылады. Бұрын ағылшын соты қолда бар дәлелдерге сүйене отырып, осы төрелік шешімді алу кезінде Стати тарапынан алаяқтық белгілерін анықтады. Осыған қарамастан, 2017 жылғы қазанда Стати Бельгиядағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 22 миллиард АҚШ долларынан астам мөлшердегі активтеріне сот тарапынан тыйым салуға қол жеткізді. Ұлттық Банктің қатысуымен бұдан былайғы сот талқылауы барысында активтердің көп бөлігінен (BNYM кастодиандық сақтаудағы 530 миллион долларды қоспағанда) тыйым салу алып тасталды. Бельгия соты Ұлттық қордың активтерін кастодиандық сақтауға байланысты өзара қарым-қатынастардың сипаты туралы мәселені де Англия сотына қайта жіберді. Англия Жоғары сотының шешімі Ұлттық қордың активтері тыйым салуға жатпайтынын, сол себепті, Ұлттық Банк Бельгия соттарында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерінен тыйым салуды біржолата алдыруға құқылы екендігін білдіреді.

 

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі