jasqazaq.kz

Станция кезекшісі 7 жылға сотталуы мүмкін

13 наурыз 2020, 12:44

Алматы облысы Шамалған станциясында болған жол апатына байланысты станция кезекшісі 7 жылға сотталуы мүмкін, — деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот мәліметінше, станция кезекшісіне 55 секундқа тетікті кешігіп басып, шлагбаумды жауып үлгермеген деген айып тағылған.

Алайда айыпталушының адвокаты Шәмиян Жайылханов тергеу қорытындысымен мүлдем келіспейтінін айтып отыр.

Себебі оның қолында 55 секундта ештеңе шешпейтінін растайтын Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы ректорының қолы қойылған шешім бар екен. Айыптау актісі менің ойымша Солоненко мен Колешниковтың қорытындысы негізінде жасалған дейді қорғаушы.

«Солоненко да — Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының профессоры. Ол басқа ғалымдармен ақылдаспаған. Ректор Аркеновтың да рұқсатын алмаған. Оның келтірген айғақтарында Ахметжанов 55 секундқа тетікті кешігіп басқаны салдарынан апат болды деп отыр», — деді айыпталушының қорғаушысы Шәмиян Жайылханов.

Бұл іс бойынша екі зардап шегуші де «Қазақстан Теміржолы» компаниясынан өтемақы талап етіп отыр. Апат салдарынан қаза болған автобус жүргізушісінің әйелі — 20 млн теңге, ал екі баланың анасы Эльмира Жәнібекова 40 млн теңге сұраған. Сотта сөз алған Досбатыр Ахметжанов атқарылуы тиіс шаралардың бәрін орындағанын жеткізді. Алайда бұған келіспеген жүргізуішінің әйелі Ләйла Жарылғасова сот залында айыпталушыға дүрсе қойды.

«Қолыма қызыл жалау алып жүгіріп шығып, автобустың артынан келе жатқан пойыз машинистіне 150 градуспен тоқтау белгісін бердім», — деді айыпталушы Досбатыр Ахметжанов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия