jasqazaq.kz

Станимир Стойлов ұлттық құрамадан кетті

17 қантар 2019, 16:57

Қазақстан футбол федерациясы мен футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стойлов екіжақты келісім бойынша еңбек шартын үзді, деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Болгариялық маман Станимир Стойлов Қазақстан ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызында басқарған еді. Оның жетекшілігімен біздің құрама үш жолдастық матч өткізіп, УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар лигасына қатысты. Сонымен қатар жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты. Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стойлов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді», – делінген хабарламада. Еске салайық, Стойлов Қазақстан құрамасын наурызда жаттықтыра бастады. Осы аралықта ұлттық құрама үш жолдастық кездесудің екеуін ұтты, алайда Ұлттар лигасында Грузиядан екі рет жеңіліп, D дивизионында екінші ғана болды. 51 жастағы маман Қазақстанда 2014 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның жаттықтыруымен «Астана» төрт рет ел чемпионы болды, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады және Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жеткен.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді