jasqazaq.kz

«Сталиннің өлімі» фильмі елімізде көрсетілмейтін болды

25 қантар 2018, 10:52

Кеше Ресей британдық «Сталиннің өлімі» комедиясын кинотеатрлардан көрсетуге тыйым салды, деп хабарлаған едік. Алайда аталған фильм қазақстандық кинотеатрларда көрсетілетін болған. Бүгін «Сталиннің өлімі» қазақстандық кинотеатрлардан да алынды.

Ресей Мәдениет министрлігі қоғамдық көрсетілімнен кейін сатиралық туындыны экранға шығарудан бас тартқан. Қоғамдық көрсетілімге Ресей Мәдениет минстрлігінен бөлек, депутаттар мен ресейлік тарих қауымдастығының өкілдері қатысқан. Барлығы бір ауыздан «фильмде идеологиялық күрес белгілері бар» деген шешімге келіп отыр. Алайда қазақстандық көрермендер бұл фильмді бүгін көруі керек болатын. Бірақ ресейлік «Vlast» интернет журналы кеше түскі 14:45 — те аталған фильмнің Қазақстанда да көрсетілмейтінін жазды.

Ал мына скриншотты Today.kz тілшісі қаңтардың 24-інен 25-іне ауған түні 00:28-де түсірген.

Скриншоттан түнгі 12 жарымның өзінде «Сталиннің өлімі» кинотеатрларда тұрғанын аңғару қиын емес. Скриншот kino.kz сайтынан жасалған. Бірақ бүгін аталған сайттан фильм жоқ боп кетті.

«Сталиннің өлімі» фильмінің қазақстандық кинотеатрлардан алынып тасталғанына алғаш болып Мұрат Әбенов қарсылық білдірді. Ол өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына былай деп жазды:

«Сіз кімнің жағындасыз кинотеатрлар қожайындары? Сізге қазақстандық азаматтардың не көруін шешетін құқықты кім берді? Бұл азаматтардың мәдени туындыларды көру құқығына қол сұғу. Бұл іске Президент Әкімшілігі идеологтарының назарын аударту керек. Олар кімнің саясатын жүргізіп отыр? Бұлар қазақстандық киноны бұғаттап, отандық фильмдердің қазақ тілінде түсірілуіне жол бермей отырғандар емес пе? Қазақстанның Мәдениет туралы заңын бұзып, шет елдік фильмдерді қазақша аудармасыз көрсетіп отырғандар да осылар», — дейді қоғам қайраткері кинотеатр қожайындарын меңзеп.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды