jasqazaq.kz

Стадионға жанкүйерлер жібергені үшін «Атырау» футбол командасы айыппұл төлейді

06 мамыр 2021, 10:05

«Атырау» футбол командасы тағы айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мұнайлы өңір командасы 2 мамырда өз алаңында «Каспий» командасын қабылдаған болатын. Футболдан ел біріншілігінің ІХ туры аясында өткен сол ойында стадионға жанкүйерлер жіберілген. «Тәртіптік регламенттің 66-бабына сәйкес «Атырау» ФК-ға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Бұл 583 400 (бес жүз сексен үш мың төрт жүз) теңгені құрайды. «Атырау» футбол клубы 2021 жылдың 4 маусымына дейін айыппұл төлесін» -делінген Қазақстан футбол федерациясының ақпаратында.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия