jasqazaq.kz

SрortFEST Kazakhstan спартакиадасы Атырау қаласында

22 желтоқсан 2017, 14:03

Ел арасында танымал болып бара жатқан спорт шарасына Атырау облысының 7 ауданынан келген 250-ден аса оқушы қатысты. Іріктеу ойындары еліміздің 8 өңірінде өтті.

Бозбалалар арасындағы футзал талас-тартысқа толы өтті. Тіпті жаттықтырушылар мен төрешілердің арасында дау-дамайлар туындаған кездер де жоқ емес. Бірінші орында Қызылқоға ауданы, күміс жүлде Атыраулықтарда, үшінші орын Мақат ауданының еншісінде.

Қыздар арасындағы баскетбол бойынша Жылыой ауданы бірінші орында, екінші орынды Атыраулық қыздар иеленсе, қола жүлде Исатай ауданының еншісінде.

Тоғызқұмалақ ойыны батыста ерекше ықыласқа ие. Елге танымал тоғызқұмалақшылар да бұл жақтан шыққан. Бірінші орын — Қуанышов Қуат, Шораева Гүлнар. Екінші орын – Аманов Ринат, Сүлікқали Асылай. Үшінші орын – Сәлімгереев Ақылбек, Елеукенова Тоғжан.

Шахматы: Бірінші орын – Бердигалиев Аян, Тарасова Ульяна. Екінші орын – Ғайниденов Нұрлыбек, Қадыржанова Әсем. Үшінші орын – Амангелді Медет, Бұлжан Іңкәр.

Үстел теннисі қыздар арасында жақсы дамыған сияқты. Жаттықтырушылары да нәзік жандылар қауымынан. Бірінші орын – Боран Жазира, Юн Руслан. Екінші орын – Супугалиев Нұрлан, Дәулеткерей Гүлжаухар. Үшінші орын – Мақұлбеков Әли.

Әскери-қолданбалы спорт түрлері: бірінші орын – Атырау қаласының құрамасы – Ломоносов атындағы орта мектеп, екінші орын – Жылыой ауданы, үшінші орын – Махамбет ауданы.

Жеңімпаздардың барлығын бағалы сыйлықтармен марапаттап, Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық мәреге шақырды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді