jasqazaq.kz

Спортты серік еткендер

25 маусым 2018, 11:10

Жуырда іссапармен  кеншілер қаласы Балқашта болып қайттық. Қаланың тыныс-тіршілігімен танысып, мәдени орындары  мен спорт кешенін араладық.  Мұнда салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатындарға барлық жағдай  жасалған.  Бассейн,   жаттығу залдары мен кеншілерге арналған спорт кешені  бар. Кеншілер шыңырауда тер төгіп, ауыр жұмыс атқарып жүрсе де қолдары қалт еткенде спорт залынан табылуға тырысады.  «Спорт- денсаулық кепілі» демекші, спортты серік еткен кеншілердің біразын әңгімеге тарттық.

Мырыш зауытының директоры  Дүйсенғали Байқуатов  «Біздің уақытымыздың көп бөлігі зауытта өтеді. Жұмыстан кейін қолым қалт етсе, осы кешенге келіп футбол ойнаймын.  Кеншілерден құралған ардагерлер футбол командасының ойыншысымын. Командамыз «Металлургтер» деп аталады. Әр түрлі мерекеге орай ұйымдыстырылатын футбол жарыстарына қатысып, жүлделі орынды иеленіп жүрміз. Облыс, тіпті ТМД елдері арасында өтетін металлургтер жарысында топ жарып, Киевке дейін барып қайттық» дейді.  Оның айтуынша,  зауыт ішіндегі қосалқы бөлімдер арасында   спартакиадалар өтеді екен. Зауыт басшылығы тарапынан спортпен шұғылдануға біршама жағдай жасалған. Жұмысшыларға ғана емес, балаларының да спортпен шұғылдануына мүмкіндік бар.  Зауытта 20-30 жылдан астам уақыт істеп келе жатқан кеншілерге қаладағы жаттығу залына  тегін абонемент беріледі. Сондай-ақ спорт формасымен де қамтамасыз етіледі.  Қазіргі таңда зауытта спортқа баулитын жеке нұсқаушы бар. Аты-жөні — Сансызбай Баймұханов.   Зауыттың 80 жылдық мерекесіне орай үлкен спорт шарасы ұйымдастырылуда. Қазір сол жарысқа дайындық қызу жүріп жатыр.  

 

Кеншілер арасында спорт сайыстарында  топ жарып, республика деңгейінде өтетін жарыста жоғары нәтиже көрсетіп жүргендер де баршылық. Сондай азаматтың бірін Балқаш қаласындағы «Батыр GYM»  жаттығу залынан кездестірдік. «Kazakhmys Smelting» ЖШС электролиз  цехының бригадирі

Орденбек Қуанышбеков жұмыстан кейін міндетті түрде спортпен шұғылданатынын айтады. Мыс зауытында жұмыс істейтін азаматтарға «Батыр GYM»   жаттығу залына барып спортпен айналысу тегін екен. Зауыт басшылығы салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарға осындай жеңілдік жасап отыр.

Балқаш қалалық дене   шынықтыру және сауықтыру  кешенінде олимпиадалық спорттың 11 түрінен, ұлттық спорт қазақша күрестен арнайы секциялар бар. Бүгінде  спорттық үйірмеге 800-ден астам бала қатысады. Ал 300- ге жуық қала тұрғыны, соның ішінде кеншілер футбол, волейбол сынды спорт түрлерінен өтетін турнирлерге тұрақты атсалысады.

 

Мақпал Ноғайбаева

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты