jasqazaq.kz

Спортты өрге кім сүйрейді?

24 қыркүйек 2021, 11:13

Бүкіл әлемде үлкен спортты букмекерлік компаниялардың алға сүйрейтіні баяғыдан белгілі. Әйтсе де, еліміздегі спорт шенеуніктері мұны қаперге де алмайды.

Өмірден артта қалғандар

Жазда өткен Токио Олимпиадасынан кейін еліміздің мәдениет және спорт министрлігінде «талқылау» басталды. Отандық спорттың түйткілдерін тексеріп, зерттеу үшін үлкен жұмысшы тобы құрылды. Оған ең үздік спортшыларды, бапкерлерді, Олимпиада чемпиондарын тартты. Міне, олардың сөзіне осындай жоғары деңгейде құлақ түргеннен кейін барып, біздің шенеуніктердің өмірден артта қалғаны көрініп қалды.

Осы жұмысшы тобындағы кейбір өкілдердің пікірі жалпақ жұрттың құлағына жетті. Чемпиондар мен бапкерлер елдегі спортқа жауапты лауазым иелері әлемдік тәжірибені бұрыннан зерттеуі керек екенін айта бастады. Бұл, әсіресе, спортты демеу қаржының көмегімен дамыту үлгісін зерттеуге қатысты. Дүние жүзінде букмекерлік компаниялар спорт клубтары мен федерациялардың ең ірі демеушісі болып отыр. Бұл жайында біздегілер неге білмейді?
Қазақстандағы букмекерлік сала, басқа да дамыған елдердегі сияқты, үлкен спортқа қолдау көрсетсе, әрі бұл тұрақты түрде жүзеге асырылса деген ұсыныс айтыла бастады. Кейбір спортшылардың пікірінше, мұны заң жүзінде енгізу керек.

Жарайды, мәдениет және спорт министрлігі әлемдік тәжірибеден хабарсыз делік. Бірақ олар тіпті көрші елдердің тәжірибесі туралы да білмейді екен! Ресейде, мәселен, букмекерлермен демеушілік келісімшарт негізінде клубтар мен федерацияларды тұрақты түрде қаржыландыратын механизм бұрыннан бар. Әрі мұндай қаржы ағымы орасан. Ресейдегі ірі футбол клубтарының жетекшілері қаржының қомақты бөлігін мемлекеттен емес, букмекерлерден келіп түсетінін жасырмайды да. Олар соңғы жылдары ресейлік футболдың деңгейі көтерілгені букмекерлердің арқасында екенін айтып, ризашылығын білдіруде. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Спартак» (Мәскеу) коммерциялық директорының мынадай сөзі жарияланды: «Букмекерлер бізге үш қайтара ақша табуға мүмкіндік береді. Біз демеушінің, сосын Ресей премьер-лигасының (РПЛ) және букмекерлердің футболды дамытуға бөлген қаржысын аламыз». Оның айтуынша, алдыңғы екеуінің қаржысы да негізінен букмекерлермен демеушілік келісімшарттың арқасында түседі.

Демек букмекерлер барлық жерде спортты, оның ішінде үлкен футболды дамытуға атсалысуда!
Міне, әлемдік тенденция қандай! Алдыңғы қатарлы Еуропа лигасында да осыған ұқсас жағдай: онда клубтар бюджетінің 25-30 пайызы букмекерлермен демеушілік келісімшарттардан құралады. Қаржының басым бөлігі клубтарға федерациялардан келіп түседі. Бірақ оларға демеушілік жасайтын сол баяғы беттинг компаниялар.

Спортты қайта құруға арналған ұсыныстарды дайындайтын жұмысшы тобына қатысушы ретінде, даңқты боксшымыз Василий Жиров жуырда «отандық заң шығарушы неліктен осы тәжірибені зерттемейді» деген сауал тастады. Оның пікірінше, Қазақстанда букмекерлер табысының белгілі бір бөлігін спортқа демеушілік жасауға заң жүзінде міндеттесе, ұлттық құрамалардың, Олимпиада резервтерінің және үздік спортшылардың деңгейі жоғарылайтын еді. Сонда Токио Олимпадасынан кейін жерге қарамас едік.

Олар көмек қолын созады

Сарапшылар букмекерлік компаниялар онсыз да демеушілік жасап отырғанда, оларды заң жүзінде мәжбүрлеудің қажеті бар ма дейді. Спорт сарапшысы Мәулен Қадырхановтың пікірінше, мәжбүрлейтін емес, ынталандыратын механизм керек. Спортқа демеушілік көрсететін букмекерлік кеңселерге салық және өзге де жеңілдіктер берілсе дейді.

Дегенмен букмекерлер ондай міндеттеуді күтпей-ақ, спортқа қол ұшын созғалы қашан. Тек соңғы екі жылдың ішінде ғана отандық ірі беттинг компаниялардың тарапынан кәсіби және бұқаралық спортқа аударған қаржы миллиардтаған теңгеден асып түсті. Көптеген отандық футбол клубтарына букмекерлік кеңселердің бас демеуші болғаны олардың оң нәтижесіне әсер еткені анық. Бұған дейін тек алматылық «Қайраттың» бас демеушісі «1xBet» екенін білуші едік. Енді бірқатар аймақтық клубтар да букмекерлік кеңселермен келісімшартқа отырғанын жасырмайды.
Бірақ біздің спортқа жауапты мемлекеттік шенеуніктер мұндай тенденцияларға қызықпайтын сияқты. Кейбірінің сөзін тыңдасаң, бұл туралы мұлде естімеген. Спорт билігі болып жатқан құбылыстарға өз көзқарасын білдіруге асықпайды. Сонда отандық спортқа демеушілік көмектің қанат жайғаны керек емес пе? Оларға бәрібір ме?

Біз әлі де үмітімізді үзбейміз. Токио Олимпиадасындағы «құлдыраудан» кейін олар ұйқысынан оянатын шығар?

Әлбетте, әлемдегі букмекерлер командалармен, клубтар және федерациялармен жай ғана ынтымақтасып қоймайды. Олар спорттың барынша дамығанын, қызықты әрі кәсіби болғанын қалайды. Соның нәтижесінде спорт жанкүйерлері көбейетінін түсінеді. Өйткені дәл осы жанкүйер қауым букмекерлік компаниялардың табысын селейді. Бүгінгі спортқа бәс тігу – фанаттар мен жанкүйерлердің жаппай ермегіне айналды. Олардың қатары көбейген сайын, букмекерлік компаниялардың табысы артады. Сәйкесінше, спортқа демеушілік жасайтын қаржы көлемі де ұлғаяды.

Дамыған елдердің билігі мұны баяғыда ұғынып, сол үшін де букмекерлік компанияларға қолайлы жағдай жасаған.

Мұның тағы бір жағымды тұсы: букмекерлер клубтар және командалармен неғұрлым тығыз іс-әрекетте болса, спорттағы жемқорлық соғұрлым азар еді.

Букмекерлер қандай жарыстың да барынша ашық болғанын қалайды. Келісілген матчтар мен жекпе-жектерге әкелетін сыбайлас жемқорлыққа негізделген қарым-қатынас букмекерлік кеңсенің қалтасын қағады. Ал егер команданың демеушісі болсаң, осындай келеңсіз жәйттерді болдырмау сенің қолыңда.

Отандық спорт үшін бұл да бір жағымды құбылыс болар еді. Әйтсе де, өкінішке қарай, спорттағы жемқорлық кейбір аймақтарда тамырын тереңге жайған.

Ескі көзқарас

Спорт саласындағы шенеуніктер неге сонша артта қалған? Олар неге қасаң ойлайды? Неліктен беттинг спортты дамыту емес, карта мен казино сияқты құмарлықпен пара-пар болып көрінеді? Ал шындығында, бұл екеуінің арасы жер мен көктей.

Елдегі ірі букмекерлік кеңселердің Асқар деген бір клиенті Jas qazaq тілшісіне берген сұхбатында Қазақстандағы шенеуніктердің «көне» көзқарасы букмекерлік бизнес туралы қарабайыр пікірмен байланысты деп санайды. «Көпшілік спортқа бәс тігу қандай да бір күнә, құмарлық, алдау деп ойлайды. Тіпті кейбір лауазымды тұлғалар, шенеуніктердің өзі осылай ойлайды. Неге екенін, спортқа жауапты тұлғалар қарапайым мәселені түсінбейді, байыбына бармайды. Олар құмар ойын мен спорт оқиғасына бәс тігудің арасындағы айырмашылықты ажырата алмайды. Мәселен, карта немесе рулеткадағы ұтыс кездейсоқ болады. Ал матч немесе бокс жекпе-жегінің қалай аяқталатынын тап басу кездейсоқтық емес. Мұнда білім мен жан-жақты сараптама қажет».
Сонымен, біздің елімізде спортты дамытуға беттингті пайдалану үшін не істеу керек? Оның құмар ойындармен қалай шатастырмауға болады?

Ең алдымен спортқа жауапты шенеуніктерден әлемдік тәжірибені терең зерттеуін талап ету керек. Сондай-ақ қарапайым адамдарға беттинг дегеннің не екенін түсіндірген дұрыс. Букмекерлік кеңсенің жұмысына объективті көзқарас қалыптастыру қажет. Бәлкім, дәл қазір адамдардың ойлау жүйесінде осындай өзгерістер жайлап жүріп жатыр. Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша жарты миллионнан астам адам спортқа бәс тігеді. Барған сайын спортқа бәс тігу ақыл-ойға негізделген ермек екенін, спортты дамытуға ықпал ететінін түсінетін жандардың қатары көбейіп келеді.

Олжабек Байқуатов

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия