jasqazaq.kz

«SportFEST Kazakhstan» Республикалық ойындарына 7 мыңнан астам мектеп оқушылары қатысады!

27 наурыз 2019, 15:43

2019 жылы наурызда елімізде «SportFEST Kazakhstan» Республикалық байқаулар басталады. Үлкен жобаның іріктеу турлары басталған бірінші аймақ Атырау облысы болды. Жобада 7000-нан астам 2003-2005 ж.ж. туылған оқушылар қатысады.

Үздік атаққа ие болу үшін 14 облыстың, 215 ауданның және Нұр-Султан, Алматы мен Шымкент қалаларының оқушылары жарысады. Оларды шахмат, үстел теннисі, баскетбол, мини-футбол, әскери-қолданбалы және тоғыз құмалақ спорт түрлерінен байқаулар күтеді.

«SportFEST Kazakhstan» екі кезеңде өтеді. Біріншіден республиканың 14 облысында және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында аймақтық жарыстар өткізіледі. Үздіктер бағалы жүлделермен марапатталып финалға өтеді. Екінші кезеңде әрбір спорттың жеңімпаздары аймақтың немесе республикалық маңызы бар қаланың атынан қатысады.

Айта кету керек, әрбір аумақта, жарыстан кейін бірден барлық спорттық жабдықтар (теннис үстелдері, доптар және де барлық үстел ойындар) мектептерге сыйға тартылады.

«SportFEST Kazakhstan» — жастардың арасынан бұқаралық спортты, салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиені насихаттау бойынша арнайы жоба.

«Бұл еліміздің аумағында екінші рет өткізіліп отыратын ең ірі жарыстардың бірі. Жоба өздігінен жүзеге асыруға, балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуына мүмкіндік береді, оқушыларды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.

Сонымен қатар, «SportFEST Kazakhstan» — еліміздегі бұқаралық спортты дамытудың жарқын мысалы болып табылады», — деп «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының өкілі Мирас Иргебаев мәлімдеді.

Жастар жобасы «Менің елім» өңірлердегі әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының шеңберінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының және «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры» қолдауымен жүзеге асырылады.

Біздің жаңалықтарды www.sportfest.kz ресми сайтынан қараңыз. Сұрақтар пайда болған жағдайда +7 747 248 23 59 нөмірлі жедел желіге хабарласа алады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда