jasqazaq.kz

«SportFEST Kazakhstan» республикалық бірегей жоба Қазақстанның он үш өңірін қамтыды

25 сәуiр 2019, 13:13

Қазақстанда бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасы жалғасуда.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры АҚ «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан ЖҚ «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар Қоры» бірлесіп, жастар арасындағы жарыстар екінші жыл өткізіліп, бүкіл елді қамтиды. Осы жылы спартакиадаға 2003-2005 жылы туған балалар қатысады.

«SportFEST Kazakhstan» жобасы басталғаннан бері өңірлерде бес мыңнан астам оқушы қатысты! Оқушылар арасындағы ең ауқымды жарыстың іріктеу турлары Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында өтті. Жақында жарыс Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарында аяқталды. Онда ең Спорттық атағы үшін 1083 бала жарысты.

— Үстел теннисі маған өте ұнайды, Мен бұл спортпен екінші жыл айналысамын. Жамбыл облысында «SportFEST Kazakhstan» жарысында тоғыз аудан бақ сынасты. Мен Рысқұлов ауданынан келдім. Конкурста жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Енді маусым айында Қазақстанның барлық мектеп оқушыларымен «Балдәуренге» барамын. Ұйымдастырушыларға осындай қызықты іс-шаралар үшін алғыс айтқым келеді, деді Абзал Ибрат, Жамбыл облысындағы «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының қатысушысы.

Жасөспірімдер арасындағы футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасындағы баскетбол және ұлттық тоғызқұмалақ ойыны бойынша жарыстардың нәтижелері бойынша әр өңірден ең үздіктері анықталды. Олар сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын үшін: спорттық роликтер, екінші орын: бренді рюкзак және Power bank (мобильді аккумулятор), үшінші орын: скейтборт, сондай-ақ олар 2019 жылдың жазында Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алды. Аймақтардағы чемпиондардың аттарымен жобаның ресми сайтынан танысуға болады – www.sportfest.kz

Сонымен қатар, «SportFEST Kazakhstan» республиканың үздік спортшыларын іздестіруді жалғастыруда. Алда еліміздің тағы төрт өңірі бар.Напомним, спартакиада «SportFEST Kazakhstan» состоит их двух этапов.

Алдымен аймақтық жарыстар өтеді. Олар Барлық облыстар мен қалалардың аумағында, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар арасында өткізіледі. II кезеңге облыстың немесе Республикалық маңызы бар қаланың атынан әрбір спорт түрі бойынша жеңімпаздар қатысады.

Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр өңірдегі мектептерге сыйға беріледі. Қостанай облысында- бұл Қостанай ауданының Абай негізгі мектебі, Өскемен қаласында-Үржар ауданының Абай атындағы мектебі және Өскемен қаласының № 5 орта мектебі. Ал Жамбыл облысында спорттық құрал — жабдықтарды Жуалы ауданының Д. Қонаев №19 мектеп алды.

— Біздің мектеп атынан спартакиаданы ұйымдастырушыларға осындай жомарт сыйлықтар үшін үлкен алғысымды білдіремін. Біздің мектеп теннис үстелі, шахмат тақталары, шахмат сағаттары, футбол доптары сияқты спорттық құрал-жабдықтарды қажет етті. Енді оқушылар спортпен одан әрі шұғылданатын болады деп үміттенемін, — деп атап өтті Тұрсынғазы Тұрдыбаев, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Абай атындағы мектеп директоры.

«SportFEST Kazakhstan» — бұл жастар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және патриоттық тәрбиені насихаттауға бағытталған бірегей жоба.

Біздің соңғы жаңалықтарымызды ресми сайтымыздан біле аласыздар: www.sportfest.kz. Сұрақтар туындаған жағдайда жедел желі нөмірене хабарласуға болады: +7 747 248 23 59.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде