jasqazaq.kz

«SportFEST Kazakhstan» ең ауқымды мектеп спартакиадасы іріктеу турларын аяқтады

20 мамыр 2019, 12:02

Көкшетауқаласында SportFEST Kazakhstan республикалық жобасының іріктеу кезеңдері өтеді. Облыстың 19 ауданынан келген 627 оқушы бозбалалар арасындағы футзал, қыздар арасындағы баскетбол,әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисімен ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша бақ сынасады.

Қатысушыларды құттықтауға облыстың спорт элитасының өкілдері, жергілікті білім беру бөлімінің басшылары келеді.

«SportFEST Kazakhstan» жобасының басынан бері өңірлерде жеті мыңнан астам оқушы қатысты.Еліміздің бірнеше облысында өткен шара аясында оқушылар бір-бірімен танысып, достасып жатыр. «SportFEST Kazakhstan»Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Алматы, Талдықорған, Орал, Қарағанды, Өскемен, Тараз, Түркістан,Нұр-Султан, Қостанай және Ақтау қалаларында өтті. Бұл өңірлерде үздіктер анықталды.
Жеңімпаздар және жүлделі орын иегерлері роликті конькилермен, брендтелген рюкзактармен және Power bank (мобильді аккумулятор), скейтбордтармен марапатталды. Бірінші орын иегерлері 2019 жылы Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алды. Аймақтық чемпиондардың тізімімен жобаның ресми сайтынан танысуға болады – www.sportfest.kz.
— «SportFEST Kazakhstan» жобасына өзін танытуға және өз күшін сынауға мүмкіндік бергені үшін үлкен рахмет. Мен үш жыл бойы мектепте шахматпен достарыммен айналысамын. Біздің жаттықтырушымыз ең жақсы және оның арқасында мен бірінші орын алдым. Жазда республикалық жарыстарды асыға күтемін, Көкшетау қаласының №3 орта мектебінің оқушысы Әйгерім Досымова әсерімен бөлісті.

Ақмола облысы «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу турлары өткен соңғы өңір болды. Енді балаларды 2019 жылы 1-5 Маусымда Щучинск қаласында өтетін жарыстың екінші кезеңі күтіп тұр. Финалдық ойындарға еліміздің 17 аймағынан 102 команда қатысады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда