
Республикалық «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы Қазақстанда бірнеше апта бойы жалғасып келеді.
Оқушылар арасындағы ең ауқымды жарыстың іріктеу сыны Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларында аяқталды.

Еліміздің төрт аймағынан 1587 жас спортшы жарысқа қатысты. Олар 2003-2005 жылдары туған балалар.
Сайыс нәтижесі бойынша әр аймақтан ұлдар арасында футзалдан, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасында баскетбол мен тоғыз құмалақ ұлттық ойыны бойынша үздіктер анықталды. Бірінші орын иегерлері спорттық ролик, екінші орынға арқа қоржын мен Power bank, ал үшінші орын алғандар скейтбордпен марапатталды. Сонымен қатар олардың барлығы 2019 жылдың жазында Шортанды қаласында өтетін ақтық сынға жолдама алды.

Қазірдің өзінде оқушылар арасындағы ең ауқымды спортакиаданың ақтық сынына 30 команда өткен. Олар енді республикадағы ең мықтыны анықтайды.
Осы орайда «SportFEST Kazakhstan» еліміздің мықты спортшыларын іздестіруді жалғастыруда. Алда әлі республиканың 13 аймағы бар.
«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы екі кезеңнен өтетінін еске саламыз. Алдымен аймақтар жарыстар өткізіледі. Аудан және облыстық маңызы бар қалалар арасындағы жарыстар әрбір облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізіледі. Екінші кезеңде әр спорт түрінің жеңімпаздары облыс немесе республикалық маңызы бар қалалар намысын қорғайды.

Айта кетерлігі іріктеу сынындағы жарыстардан соң барлық спорттық құрал-сайман (теннис үстелі, доптар, қолданбалы ойындар) мектепке тарту етіледі.
«SportFEST Kazakhstan» — бұқаралық спорт түрін насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына шақыру мен патриоттық тәрбие беруге бағытталған біріңғай жоба.

Жастар жобасының ұйымдастырушылары – «Самрұк-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, сондай-ақ «Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасымен бірлескен «Коммуникациялық бастама және стратегия қоры».

Біздің соңғы жаңалықтарымызды ресми сайтымыздан біле аласыздар: www.sportfest.kz. Сұрақтар туындаған жағдайда жедел желі нөмірене хабарласуға болады: +7 747 248 23 59.