jasqazaq.kz

SpaceX компаниясы 60 интернет-байланыс спутнигін ұшырды

24 мамыр 2019, 15:24

Интернеттің әлемнің кез келген нүктесінде қолжетімді болатын уақыты келіп қалған сияқты. Бүгін түнде Илон Масктың Starlink жобасы адамзаттың осы мақсатқа жетуіне ықпал етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The New York Times сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні түнде SpaceX компаниясы Флорида штаты Канаверал мүйісінде АҚШ ӘҚК базасынан 60 интернет-байланыс спутнигі ұшырды. Бір сағат өткеннен кейін, Жерден 270 миль биіктікте Starlink спутниктер тобы оларды орбитаға жеткізген зымыраннан ажырады. Илон Маск Twitter-дегі ресми аккаунтында спутниктер тобының сәтті ұшырылғанын растап, сурет жариялады. Компанияның жоспарына сәйкес, келесі жылы Starlink жүздеген спутнигі Жердің үстіндегі «шоқжұлдызға» айналып, әлемнің кез келген нүктесінде интернетті қамтамасыз ететін болады. Спутниктердің әрқайсысы 500 фунтты құрайды. Олар тек күн батареясымен жұмыс істейді. 2015 жылы SpaceX компаниясы Starlink жобасын интернетке жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатымен жасады. Жоба аясында 11 мың спутник орналастырылады. Бұл жобаға 10 млрд АҚШ доллары жұмсалмақ.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда