
Медеу ауданында массаж салонының атын жамылып, интимдік қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Мекемеде жұмыс жасайтын қыздар массаж қызметінен басқа өз клиенттеріне қосымша жеке қызметтер көрсетті. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-ң баспасөз қызметі хабарлады.
«Әкімнің тұрғындармен кездесуінде аудан тұрғындары түнгі уақытта жұмыс істейтін жеке кеңсеге шағымданды. Жедел-алдын алу іс-шаралары барысында мекен-жайдағы массаж салоны тексерілді. Тұрғындардың күдіктері дәлелді болып шықты — мекемеде жезөкшелер үйі орналастырылған, онда жедел іздеушілер жеңіл жүрісті 11 қызды анықтады. Сондай-ақ, әкімшілік өкілдері мен жұмысшы персонал аудандық Басқармаға жеткізілді. Айтпақшы, қыздар арасында біздің отандастарымыздан басқа, көрші республикалардың әйелдері де «жұмыс істеді». Ұсталғандардың бірі, 32 жастағы Ресей Федерациясының азаматшасы, оның ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша сотталығы бар», — деп түсіндірді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров.
Барлық «жеңіл жүрісті» қыздар үшін әкімшілік жазалау хаттамалары жасалды. Сондай-ақ интимді қызметтерді ұсыну үшін жалға берген үй иесі тексеріледі. Ол ҚР-ның заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.