jasqazaq.kz

Сот залында өзін өлтірмек болды

17 мамыр 2019, 15:39

Қарағанды сот залында сотталушы өзіне өзі қол жұмсамақ болып әрекеттенді.

Аппеляциялық алқа қаулысын жариялағаннан кейін сотталғандардың бірі өзімен бірге алып келген ұстараның жүзімен өз-өзі жарақаттаған. Абырой болғанда, оның әрекеті дер кезінде тоқтатылып оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта сотталушының жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық соттың БАҚ жөніндегі үйлестіруші судьясы Еркеш Маукентің айтуынша, аталған сот ісі Қарағанды облысының Балқаш қалалық сотында дизель отынын ұрлау фактісі бойынша қаралып жатқан. «Балқаш қалалық сотының биылғы жылғы 26 ақпандағы үкімімен аталған адамдар ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша сотталған. «Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 16 мамырдағы қаулысымен аталған тұлғаларға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды», — деп хабарлады үйлестіруші судья. Апелляциялық соты сотталған адамның алдын ала сөз байласуы бойынша қылмыс жасағаны, оларға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлағаны үшін сотталған адамдардың кінәсі істің нақты мән-жайларына толығымен сәйкес келеді деген қорытындыға келді.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда