jasqazaq.kz

Сот үкіміне наразылық танытқандар шу шығарды

21 мамыр 2019, 16:42

Шымкент қаласында сот үкіміне наразылық танытқан 100-ге жуық адам қалалық сот пен прокуратураның алдына жиналды. Жиналғандар Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының Х.Тұрдиевтің өліміне қатысты 29 сәуірде шыққан үкімімен келіспейтіндіктерін айтты.

«Прокуратураға келген себебіміз, бірінші сот сатысында процессуалдық прокурор қылмысты ұйымдастырушыға 19 жыл, Хамутбековке 18 жыл сұраған. Енді апелляциялық шағымда Райымқұловқа 2 жыл, Хамутбековке 13 жыл сұрапты. Неге бастапқыдан айнып қалған прокурор?»-дейді шағымданушы Камала Тұрдиева.

«Қала прокурорының орынбасары Берген Ержаппар наразылық танытқандармен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді»-де мәлімдеді Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қалалық сот алдына да барған сот үкіміне наразылық танытқандарды Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахимбековтың өзі қабылдады.

«Бүгін сот төрағасы сот үкіміне наразылық танытқандарды қабылдады. Кабинетке сыймайтын болғандықтан сот залында қабылдау өтті. Жиналғандарға Ербол Рахимбеков іс материалдары апелляциялық алқаның қарауында екендігін, заң талаптарына сай шешім қабылданатындығын айтты»-деп мәлімдеді Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенби.

​ Өткен жылдың 24 маусымында 24 жастағы Х.Тұрдиев кісі қолынан қаза тапқан. Осы іске байланысты кісі өлтірді деген айыппен Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот үкімімен Т. Хамутбеков 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Х.Тұрдиевтің өліміне қатысты О.Раимкулов пен тағы екі азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Алайда,​ бірінші сот сатысында үш азаматқа тағылған айыптаулар сот тергеуі барысында өз дәлелін таппаған.

Дереккөзі: otyrar.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде