jasqazaq.kz

Сот шешімін орындамағандар қандай жазаға тартылады?

10 қыркүйек 2019, 18:03

Жоғарғы соты Мамандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева сот шешімін орындамағандардан өндіріліп алынатын қаржы көлемі туралы түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Әкімшілік сот өз шешімдерінің орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз ететін болады. Бұл үшін ақшалай өндіріп алу институты енгізіледі. Бұл әкімшілік жауапкершілік емес. Іс қаралып жатқан процесте судья ақша өндіріп алуға құқылы», — А. Қыдырбаева Парламент Мәжілісінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасының таныстырылымында. Осы орайда, ол мұндай шара сот шешімі мен талаптарын орындамағаны үшін қолданылатынын атап өтті. Ақшалай өндіріп алудың мөлшері 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін болады. Мысалы, Германияда 10 000 еуроға дейін, Латвияда 300 еуроға дейін, Эстонияда 32 000 еуроға дейін айыппұл қарастырылған. «Ақшалай өндіріп алу сот шешімі орындалғанға дейін бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Бұл шешімнің орындалу тәртібін және іске қатысушы басқа да адамдардың құқықтарын құрметтеуді арттырады деп санаймыз», — деп түсіндірді Жоғарғы сот өкілі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда