jasqazaq.kz

Сот отырыстарын өткізбестен шешім шығарып келген судья бостандығынан айрылды

15 желтоқсан 2021, 12:26

Қызылорда облысында судья 12 азаматтық іс бойынша отырыстарды өткізбей, шешім шығарған. Істер баспана және жерді сату-сатып алуға қатысты болған. Бұл туралы  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Биылғы 10 желтоқсанда Шиелі аудандық сотының судьясы Құрманбай мен оның хатшысы Қыдырәлиеваға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Оларға тиісінше 2 жыл 6 айға және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (Қыдырәлиеваның кәмелеттік жасқа толмаған 4 баласы, оның ішінде 1 емізулі баласы болғандықтан, жазасы кейінге қалдырылды).

Құрманбай жалған әділетсіз сот актілерін шығарғаны (ҚК 369-бабы 3-бөлігі) және қызметтік жалғандық жасағаны үшін (ҚК 418-бабы 1-бөлігі) кінәлі деп танылды. Қыдырәлиева сыбайластығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Құрманбай сот отырыстарын нақты өткізбестен, сондай-ақ жалған мәліметтер енгізу арқылы 12 азаматтық іс бойынша шешім шығарған. Істер тұрғын үйлер мен жер телімдерін сату- сатып алу мәмілелерін жарамды деп тануға қатысты.

«Сотталушылардың жас балалары болғандықтан, сот Құрманбайдың жазасын 5-тен 2,6 жылға дейін, Қыдырәлиеваның жазасын 4-тен 2 жылға дейін жеңілдететін жағдай деп таныды.

Сондай-ақ, олар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Құрманбай сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деді агенттіктен.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық