jasqazaq.kz

Сот орындаушысына қатысты тағы да шу шықты (Видео)

05 қазан 2021, 11:55

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы Алматыда сот орындаушысын ұрған адам боксшы Жанқош Тұраровты шақырғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жеке сот орындаушылар палатасының мәліметінше, сот орындаушысы А.А.Ермековке шабуыл Алматының Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде орын алған. Шабуылдаушы сот орындаушысын буындырып, ғимаратты бұзуды тоқтатуды талап еткен, кейін қабырғасы мен өкпе тұсынан ұрған.

«Соққы полиция қызметкерлерінің көзінше болған. Жедел жәрдем дәрігері соққының денсаулыққа орташа дәрежеде қиян келтіргенін айтты. Оқиға кезінде полиция қызметкерлері қашып кетіп, оқиға орнында болмаған. Сот орындаушысы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазып, таяқ жегеннен кейін көшеге жүгіріп шыққан учаскелік полицияға берді. Полиция қызметкерлері бұл жағдайда үнсіз қалған, қылмыскерді ұстамаған. Сот орындаушысының М.Н.Ысқақовты ұстау туралы өтінішіне полиция қызметкерлері әрекет етпеген.

Искаков М.Н.-ға қатысты оқиға кезінде сот орындаушысына және басқа адамдарға қысым жасау мақсатында боксшы Тұраров Жанқош Жасұланұлы оқиға орнына шақырылған. Оқиға орнына келгеннен кейін сот орындаушысынан М.Н.Ысқақовқа қатысты полиция арызын алуды талап еткен»,- делінген жеке сот орындаушылар палатасы сайтында.

Сондай-ақ, Жанқош Тұраров бұл әрекетті заңсыздық деп санап, осы жайт үшін қорқытқан.

«Содан кейін Ысқақов М.Н. мен Тұраров Ж.Ж. А.А.Ермековке қарсы физикалық соққы көрсетіп, қорқыта бастаған. Тікелей қысым көрсетіліп, сот актісінің талаптарын орындаудан бас тартқызуға мәжбүрлеген», — делінген жауапта.

Сот орындаушысы қызметін орындай алмаған. Сот орындаушысына жасалған шабуыл видеоға түсірілген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия