jasqazaq.kz

Сот орындаушысы алматылық азаматтың үйін сатып жіберген (видео)

24 қантар 2018, 11:13

Жеке сот орындаушының үстінен түскен арыз бойынша сот процесі басталды. Рәпілбек Тәңірбергенов алматылық Кенжегүл Әбенованың банктен алған несиесін уақытында төлей алмағандығын алға тартып, оның жалғыз баспанасын сырттай аукцион арқылы сатып жіберген. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

Десе де, қаржы институты қысылтаяң кезеңде ақшадан қиналған отбасыға түсіністікпен қарап, уақытша төлем жасамауға рұқсат берген болатын. Қос тараптың келісіміне қарамастан кері әрекет еткен сот орындаушының өзін жәбірленушілер осы айдың басында сотқа берген болатын. Алайда, азамат Рәпілбек Тәңірбегенов бүгінгі отырыста төбе көрсетпеді. Сондай-ақ, пәтерді сатып алған Сәбитов деген азаматта сотқа шақырылғанымен, келген жоқ. Ал несие берген банк өкілдері бұл іспен бүгін ғана танысқандықтарын алға тартып, артық ауыз сөз айтудан бас тартты.

«Екі мәрте себепсізден себепсіз келмейтін болса, онда тараптардың біреуі, ол кісілердің қатысынсыз істі қарай беруге өтінішхат білдіреді. Сот шешім қабылдап, ол кісілердің қатысуынсыз да шешім шығаруы әбден ықтимал. Бұл жерде бір бап емес, бірнеше бап. Негізгі институты келісім шарттарды жарамсыз деп тануы», — деді құқық қорғаушы Алмас ЖҰМАҒАЛИ.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды